Алаяқтар, әлеуметтік желі және цифрлық гигиена: Астанадағы колледжде интернеттегі қауіпсіздік туралы айтты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Астана техникалық колледжінде киберқауіпсіздікке арналған шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шеберлік сабаққа колледждің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Студенттерге цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдаланудың негізгі қағидалары, әлеуметтік желілерде қарым-қатынас этикасы, интернеттегі алаяқтық пен кибербуллингтен қорғану жолдары түсіндірілді.

Мастер-класс ашық сабақ форматында өтті. Колледж оқытушысы студенттермен еркін форматта заманауи жастар үшін өзекті цифрлық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

«Біз цифрлық технологиялар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, мұнда интернет күнделікті өмірімізде маңызды рөл атқарады. Алайда оны дұрыс пайдаланбау теріс салдарға әкелуі мүмкін. Мысалы, студенттер кибербуллингтің немесе алаяқтық схемалардың қатысушысы болып қалуы ықтимал. Сондықтан студенттер арасында цифрлық гигиена мәселесін талқылау – мұндай жағдайлардың алдын алудың қажетті шарасы», — деді әлеуметтік педагог Ғанижамал Уахитқанова.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1007424?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді