Алғабас ауылдық округінің әкімі болып Құсайынов Төлеген қайта тағайындалды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алғабас ауылына аудан әкімдігінің аппарат басшысы Айнұр Ораловна мен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы арнайы келіп, Құсайынов Төлегенге қызметтік куәлікті салтанатты түрде табыс етті.

Өз сөзінде Айнұр Ораловна ауыл әкімінің жаңа кезеңдегі қызметіне сәттілік тілеп, жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыру мен ауыл инфрақұрылымын дамыту бағытында бірлескен жұмыстардың жалғасатынына сенім білдірді. Ал аудандық сайлау комиссиясының төрағасы сайлау нәтижелерінің ашық әрі әділ өткенін атап өтіп, тұрғындардың сенімі – үлкен жауапкершілік екенін еске салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1004020?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді