Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл департамент қызметкерлеріне семинар өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылғы 28 мамырда Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл М.О. Едрисов департамент қызметкерлеріне семинар өткізді.
Күн тәртібінде қызметтік әдеп нормаларын сақтау, еңбек тәртібі, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері болды. Әдеп жөніндегі уәкіл әдеп нормаларын қатаң сақтау, өтініштерді заңнамаға сәйкес сапалы және уақтылы қарау қажеттігін еске салды.
Сондай-ақ, Ақмола облысы Әділет департаменті әкімшілік бөлімінің басшысы Д.М.Ибраева мемлекеттік қызметшілердің мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауының маңыздылығын еске салды.
Осындай іс-шараларды өткізу Департаменттің кәсіби мәдениетін нығайтуға және жұмыс сапасын арттыруға ықпал етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1007429?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді