
Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан республикалық «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Өнерлі өрге жүзер» атты облыстық музыкалық байқау өтті. Іс-шара қазақ өнерінің дара тұлғасы, композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналды.
Өңірдің әр ауданынан іріктелген этнос өкілдері сахнада өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Сайыс нәтижесінде, үздік өнер көрсеткен Құрманғазы ауданы Ю.Гагарин орта мектебінің 11-сынып оқушысы Ким Роман Бас жүлдені, Индер ауданы М.Әуезов атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Сафия Пейчева І орынды иеленді. Ал, Құрманғазы ауданы Ақкөл жалпы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Айша Андрейқызы мен Индер ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 3-сынып оқушысы Екатерина Марьянова жүлделі ІІ орынға ие болды.
Жүлделі ІІІ орын – Жылыой ауданынан келген 5-сынып оқушысы Кира Фроловаға, Құрманғазы ауданының 11-сынып оқушысы Карина Хойловаға және Мақат ауданының 6-сынып оқушысы Арианна Скопқа бұйырды.
Сондай-ақ, басқа да қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1002272?lang=kk
Жауап қалдыру