Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша 2025 жылға арналған «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында Наурызым ауданына 6 несие бөлу жоспарланған. Атап айтқанда:
- Мал шаруашылығын дамытуға –2 несие;
- Басқа жобаларға –1 несие;
- Қайта өңдеу бағытына –1 несие;
- Өсімдік шаруашылығына –1 несие;
- Лизингке –1 несие.
Сондай-ақ 1 ауыл шаруашылығы кооперативін ашуға қаржыландыру қарастырылған.
Микрокредиттер үміткерлерге жеделділік, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыздық, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып мынадай шарттармен беріледі:
микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
микрокредиттің ең жоғары сомасы – 2500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін.
номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %-тен аспайды;
кепілдік қамтамасыз етудің болуы;
негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг тәртібі
- Ауылдық елді мекендердің (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалалардың мынадай жеке және заңды тұлғалары ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алуға үміткерлер болып табылады:
1) жұмыссыздар;
2) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемей тұрған дара кәсіпкерлер;
3) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
4) сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру бойынша қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар;
5) “Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы кооперативі);
6) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлер.
Осы Қағидалар шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасының және жабдығының лизингін алуға үміткерлер ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-naurzum-audany-akimat/press/news/details/1006440?lang=kk

Жауап қалдыру