
Бүгін аудандық мәслихат депутаттары Кировское ауылында салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) құрылыс барысына мониторинг жүргізді. Бас мердігер – «Континент PLAST» ЖШС. Қазіргі уақытта нысанның іргетасы қаланды.
Нысанның жалпы құны – 207 млн теңге. Оның ішінде 20 797,0 мың теңге облыстық бюджеттен бөлінді, қалған қаражат республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhaksy/press/news/details/1007542?lang=kk

Жауап қалдыру