
Долон ауылдық кітапханасында «Мерейлі отбасы» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар өз отбасыларының фотосуреттерін ұсынды, онда отбасының бірлігі мен дәстүрлері, сондай-ақ олардың күнделікті өміріндегі ерекше сәттер көрініс тапты. Көрмеге қатысушылар өздерінің отбасылық құндылықтары мен махаббаттарын бейнелейтін суреттер арқылы жылы әрі жақын атмосфера қалыптастырды. Оқырмандар фотосуреттерді қызығушылықпен тамашалап, әрбір отбасының тарихына ерекше құрметпен қарады.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/1002462?lang=kk

Жауап қалдыру