Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Талдықорған қаласының оқушыларына ХҚО-да экскурсия ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында мектеп оқушыларына арналған цифрлық сауаттылық пен қауіпсіздікке бағытталған «Кибер Тұмар» атты ашық есік күн өтті. Іс-шара Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Қазақстан балалары» акциясының бір бөлігі болды.

Іс-шара барысында оқушылар Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, өздігінен қызмет алу секторында онлайн қызметтерді қалай алу керектігін үйренді. Сондай-ақ, оларға «ЦОН» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері таныстырылып, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) туралы түсіндірілді.

Киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылды: балалар өз жеке деректерін қалай қорғау керектігін және интернетте қауіпсіз болу үшін мықты құпиясөздерді неге қолдану маңызды екенін білді.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар Мемлекеттік корпорацияның қызметі мен интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықтың негіздеріне арналған шолу курсын өткенін растайтын сертификаттар алды.

Айта кетейік, бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu/press/news/details/1006833?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді