Каменорал ауылындағы 1200 бастық сүт-тауар фермасының құрылысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоба бастамашысы «Каменскуральск» ЖШС. Жоба қуаттылығы  15 жұмыс орнын құра отырып, жылына 6 700 тонна сүт өндіру.  Жоба құны 4,315 млрд. теңге,  соның ішінде «Тобыл» ӘКК АҚ кредиттік құралдары 3,883 млрд. теңге,  жеке құралдары 431,5 млн. теңге. 2024 жылы  «Тобыл» ӘКК АҚ қаржыландыруға қол жетті. Құрылыс бойынша 9,9 га жер телімі бар.

Қазіргі күндері 3 мал өсіру базасы, бұзау өсіру базасы және әкімшіліктік-тұрмыстық ғимараттарының құрылысы аяқталды. Сауу жабдықтарының монтажы іске асырылып жатыр. Бұзау және сиыр жайларында бетон едендер құю бойынша жұмыстар жасалуда, 3-ші сиыр жайын монтаждау іске асырылуда.  400 бастан құралған малды алғаш әкелу ағымдағы жылдың тамызына жоспарланған.  

Іске қосу 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1007367?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді