Мемлекеттік мекеме есепшілеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы түсіндірме жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп» тақырыбындағы семинар тыңдаушыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Ж.Жүсіпәлиев дәріс оқып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп нормалары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері мен құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша кеңінен ақпарат берді.

Шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, этикалық қағидаларды сақтау және кәсіби жауапкершілікті арттыру бойынша білімдері мен дағдыларын дамыту.

Семинар соңында қатысушылар тақырып аясында өзара пікір алмасып, бейнероликтер арқылы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ұстанымын нығайту жолдарын талқылады. Сонымен қатар, қатысушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/1002275?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді