МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаевтың төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша кезекті жиын өтті. Жиында 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларындағы көрсеткіштер сараланып, сақтандырылмаған азаматтар үлесінің әлі де жоғары екендігі атап өтілді.
Мәселені шешу мақсатында медициналық ұйымдар, әкімдіктер және өзге де жауапты мекемелер тарапынан бірқатар жұмыс атқарылуда. Аула аралау күшейтіліп, ақпараттық-түсіндіру шаралары қолға алынған. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жүйелі түрде ақпарат таратылып, халықты хабардар ету жұмыстары жалғасуда.
Атқарылған шаралар нәтижесінде сақтандырылғандар саны біртіндеп артып келеді. Дегенмен, жарна төлеуден бас тартатын азаматтар әлі де кездесуде. Осыған байланысты жауапты мекемелерге сақтандыру бойынша өзектендіру жұмыстарын жалғастырып, нақты бірлескен шаралар қабылдау тапсырылды.
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1006443?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді