Өндірістік кеңес өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

                 29 мамырда Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде (әрі қарай – Департамент)  Департамент басшысының орынбасары А.Шаровтың басшылығымен  ҚР «Денсаулық сақтау және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 44, 45-баптарын орындау мақсатында, яғни  объектілерге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылау жүргізу барысында туындаған мәселелі сұрақтарды талқылау бойынша Маңғыстау облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер, Маңғыстау облысы Полиция департаменттерінің, Маңғыстау облысының кәсіпкерлік  және сауда басқармасының, Маңғыстау облысының аумақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен және қалалық, аудандық санитариялық басқармаларының  басшыларының (онлайн режимінде) қатысуымен өндірістік кеңес өткізілді.

           Кеңесте Департаменттің  тамақтану обьектілерін бақылау бөлімінің басшысы Б.Сатқанбаева, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Түрікпенбаева, Ақтау қалалық басқармасының басшысы Қ.Есмұрзаева облыс және Ақтау қаласы бойынша тамақтану обьектілеріндегі өзекті мәселелер турлы баяндады.

           Өндірістік кеңесте тамақтану обьектілерінің рұқсат құжатсыз жұмыс жасап жатқандары  бойынша өзекті мәселелер талқыланып және тамақтан улану мен жіті ішек ауруларының алдын алу туралы талқыланды, пікір алмасты, ұсыныстар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1007578?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді