
Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің қуанышты жаңалығы!
Преображенка ауылында “Батыр боламын” қоғамдық қорының демеушілігімен спорт залдың ашылу салтанаты өтті. Бұл ауыл жастары үшін үлкен мүмкіндік пен жаңа белеске жол ашатын игі бастама!
Салтанатты шара аясында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай қазақ күресінен аудандық ашық турнир ұйымдастырылды. Турнирге қатысқан балуандар белдесіп, өз шеберліктерін көрсетті.
Бұл шара ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға зор ықпал ететіні сөзсіз.
Қолдау білдірген демеушілерге алғысымызды білдіреміз!
Жергілікті спорттың дамуына арналған осындай бастамалар жалғасын таба берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti-aukhadiev/press/news/details/1007302?lang=kk

Жауап қалдыру