Қанат Бозымбаев Жамбыл облысында оңтүстік өңірлерді дамыту бойынша кеңес өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикассы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.
 
Қанат Бозымбаев Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысы бойынша кеңес өткізді. Басқосуға өңір әкімдері, министрліктер мен Amanat партиясының өкілдері қатысты. 
 
Жиында ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы баяндама жасады. 
 
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров және Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев көтерілген мәселелер бойынша сөз сөйлеп, ой-пікірлерімен бөлісті.
 
2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Жамбыл облысының экономикалық өсімі 15,8 пайызды құрады. Бұл өнеркәсіп – 23,6%, ауыл шаруашылығы – 0,7%, құрылыс – 22,1%, көлік – 11,2%, байланыс – 7,7%, сауда – 2,5% салаларындағы өсім есебінен қамтамасыз етілді. 
 
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 66,8 пайызға артты. 173,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
 
Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес облыстағы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік игіліктер және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі 2024 жыл қорытындысы бойынша 74,1 пайызды құрап, өңірлер арасында төртінші орыннан көрінді.
 
Өз кезегінде Қанат Бозымбаев оңтүстік өңірлердегі экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші – ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес саласы екенін алға тартып, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандырып, инфрақұрылымды жаңғырту шараларын қабылдауды ескертті. 
 
Қанат Бозымбаев инфрақұрылымдық жобаларды жоспарлау Өңірлік стандарттар жүйесінің көрсеткіштерін қатаң ескере отырып жүзеге асырылуы қажет екенін еске салды.
 
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Amanat партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев «Ауыл аманаты» жобасы аясында елді мекендерге жүргізілген скрининг нәтижелерін баяндады.
 
Өңірдегі 153 ауылдық округке скрининг жүргізілді. Нәтижесінде 112 ауылдық округ мал шаруашылығына, 63 ауылдық окргу егін шаруашылығына мамандандырылғаны анықталды.
 
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабектің хабарлауынша, биыл 5 млрд теңгеге 700 жобаны қаржыландыру жоспарланған. Бұл 800-ден аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
 
2019-2023 жылдары аралығында «Ауыл аманаты» жобасына 40,8 млрд теңге бөлінді. 8 027 жобаға жеңілдетілген несие беріліп, 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 
 
5 жыл ішінде 62 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Жергілікті бюджет есебінен 275 техника сатып алынды.
 
Бүгін күнге берілген несиенің 99,6 пайызы өтелді.
 
2024 жылдың қыркүйегінен бүгінге дейін қайтарылған қаражат есебінен 438 жоба (3,3 млрд теңге) несиелендірілді
 
Құлпынай, қызанақ, қияр және гүлдің бірнеше түрін өсіретін 31 жылыжай құрылысы қаржыландырылды. 
 
Биогумус және сабын өндіру, көлік жөндеу, құрылысқа қажетті материалдар дайындау, наубайхана, тігін цехтары сияқты ауыл шаруашылығынан тыс 100-ден астам жоба сәтті жүргізілуде. 
 
«Ауыл аманаты» жобасы аясында тауарлық несиелеу бағдарламасы іске асырылуда. Бүгінге дейін әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға 757 бас мал тауарлық несие ретінде берілді. Жыл соңына дейін 80-ге жуық тауарлық несие шарты жасалып, 5 мыңнан астам мал таратылады деп күтілуде.
 
– Үкімет ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын, оның ішінде «Ауыл аманаты» жобасын жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарып жатыр, – деген вице-премьер аталған жобаға атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатысуын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, оларды жер ресурстарымен қамтамасыз ету және өзге де бағыттар бойынша ұсыныстар енгізуді міндеттеді. 
 
Отырыс қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев көтерілген мәселелердің шешу жолдары Үкімет деңгейінде қарастырылатынын атап өтті. Өңір әкімдіктері мен салалық министрліктерге бірқатар тапсырма берді.
 
Үкімет басшысының орынбасары сапар аясында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде болып, жай-күйін тексерді. Сондай-ақ Тараз қаласы 16 шағынаудандағы  көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы және «Түйте» каналының жағалауын абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-moyynkum/press/news/details/1004023?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді