
Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылында “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында «Үздік шопан
-2025 жыл» сайысы аталып өтті. Елімізде 2025 жыл “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған.
Құттықтау сөздері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы минстірлігінің Мал шаруашылығы департаменті Мал шаруашылығындағы асыл тұқымдық іс және норма шығармашылығы басқармасының басшысы Омаров Мухит Рашидовичке, сонымен қатар Жетісу облысы ауыл шаруашылық басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Тлеубаев Мұрат Михаилұлына және «Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдарының» Республикалық палатасының Атқарушы директоры Омашев Каирлы Бейсенұлына берілді.
Сайыста Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығындағы асыл тұқымдық іс-және норма шығармашылығы басқармасының басшысы: Омаров Мухит Рашидович, Қаратал аудандық мәслихатының депутаты. «Ауыл» партиясы Жетісу облысы Қаратал аумақтық филиалының төрағасы: Абақов Берік Нұртілеуұлы, Жетісу телерадиосының продюсері: Несіпбеков Маулен Несіпбекұлы, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институты» ЖШС, Қой шаруашылығы бөлімінің жетекшісі ғылыми қызметкері: Малмаков Нурлан Ықыласұлы, Жетісу облысы ауыл шаруашылық басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Тлеубаев Мұрат Михаилұлы әділқазылық етті.
Үздік шопан -2025 сайысы 3 кезеңнен құралды. Сайыстың 1-ші кезеңінде шопанның күнделікті жұмысына байланысты тапсырмалар ұсынылды. 2-ші кезеңінде «Қозыны енесімен табыстыру» жарысы болды. Ал 3-ші кезеңінде «Шопандардың мәдениеті және дәстүрлері туралы ой пікір білдіру және сұрақ жауап сайысы» болды.
Сайыс жеңімпаздары жүлделі сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-ayul/press/news/details/1003395?lang=kk
Жауап қалдыру