Қауіпсіздік – балалық шақтан басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еңбекшіқазақ ауданында құтқарушылар балаларға арналған оқыту іс-шарасын өткізді.

29 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданының Мәдениет үйі алдында қауіпсіздікке арналған ашық сабақ өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы – аудандық төтенше жағдайлар бөлімі. Бұл шара 1 Маусым – Балаларды қорғау күніне орай өткізіліп, жүзден астам оқушыны, ата-аналарды және ұстаздарды жинады.

Құтқарушылар өрт кезінде қалай әрекет ету керек, алғашқы медициналық көмек көрсету және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндірді. Әсіресе практикалық жаттығулар үлкен қызығушылық тудырды: балалар өздері таңғыш байлап көрді, «түтіндеген» бөлмеден эвакуациялануға талпынып, түрлі сұрақтар қойды.

Шара барысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Тұрсынбаев Кеген Ахметұлының бейнеүндеуі көрсетілді. Ол өз сөзінде: «Білім мен сақтық – кез келген жағдайда қорғаның» – деп атап өтті.

Еңбекшіқазақ ауданының ТЖБ бастығы Уәлижан Нұртас Нұржанұлы:

«Біздің мақсатымыз – балаларды қорқытпай, әрекет етуді үйрету. Нағыз қауіпсіздік – осы» – деді.

Мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр, өйткені балалық шақта алынған дағдылар бір күні адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1007518?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді