

СҚО бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің және облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының қызметкерлерімен кездестім. Құқық ұғымы туралы айтып, сондай-ақ, Қазақстан адам құқықтары саласындағы 70-тен астам халықаралық келісімнің қатысушысы бола отырып, халықаралық стандарттарды ұлттық заңнамаға жүйелі түрде енгізіп отырғанын атап өттім. Бұл елдің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтуға дәйекті ұмтылысын көрсетеді.
Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек құқықтары талқыланды. Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен қорғау мәселелері қозғалды. Сотталғандарға медициналық көмек көрсету саласындағы жүйелі проблемалар және АҚЖУ кеңсесі жүргізген зерттеулер (әйелдергеі жаза өтеу жағдайларын қамтамасыз ету; жабық мекемелерде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету; азаптауға қарсы іс-қимыл; кемсітушілікке қарсы іс-қимыл; халықаралық стандарттарды ұлттық заңнамаға имплементациялау) туралы ақпарат берілді.
Сотталғандар мен мекеме қызметкерлері арасында жүргізілген сауалнама медициналық көмектің сапасына қанағаттанбау себептерін көрсетті, атап айтқанда, жабдықтартың (34,8%), дәрі-дәрмектің (26,4%) тапшылығы.
Бұдан бөлек, респондент- медицина қызметкерлерінің 25,6% – ы мекеме әкімшілігі тарапынан медициналық көмекке қолжетімділіктің шектелгенін, оның ішінде сотталғандарды сыртқа алып шығуға арналған айдауылдың жоқтығын (19,8%), сотталғандарды жасақтан немесе камерадан шығармайтынын (17,8%), арнайы автокөліктің (“автозак”) жоқтығын (10,7%) көрсетеді.


Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1005476?lang=kk
Жауап қалдыру