
2025 жылдың 28-30 мамыры аралығында Грузияның астанасы Тбилиси қаласында қазынашылық қызметтердің (PEMPAL) тәжірибесін зерделеуге арналған кеңейтілген оқыту сапары өтуде.
Шараға Қазақстаннан Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаевтан, сондай-ақ басқарма басшылары Данагүл Елубаева мен Әнуар Жақыповтан құралған делегация қатысуда.
Қатысушылар цифрландыру, өтімділікті басқару және қазынашылық жүйесінің заманауи құралдарын енгізу бойынша грузин әріптестерінің тәжірибесін зерделеуде.
Бағдарламаға мыналар кіреді:
🔹 Грузияның Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік қазынашылық өкілдерінің сөйлеген сөздері
🔹 Еліміздің қазынашылық жүйесінің тарихы мен трансформациясы
🔹 Бірыңғай Салық кодексін талқылау
🔹 Өтімділікті басқару бойынша презентациялар (Грузия, Венгрия, Дүниежүзілік банк тәжірибесі)
🔹 Тікелей пікірталас, тәжірибе алмасу.
Қазақстандық делегацияның қатысуы озық халықаралық тәжірибені енгізуге және елімізде қазынашылық жүйесін одан әрі дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1007363?lang=kk
Жауап қалдыру