Терроризмге қарсы өткізілетін оқу-жаттығу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 30 мамырында сағат 8 – 12 арасында «Әлия Молдағұлова» халықаралық әуежайы аумағында жоспарлы түрде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді.

Оқу тапсырмалары жаппай адамдар жиналатын нысандарда лаңкестік әрекетінің жолын кесу тетігін жетілдіруге бағытталған.

Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарын оқу-жаттығуға жұмылдырылатын мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауға, өткізілетін жұмыстарға түсіністікпен қарап, жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.

Жалған және сенімсіз ақпаратты таратқан үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.

                             

Терроризмге қарсы күрес жөніндігі

Ақтөбе облыстық жедел штабы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1007451?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді