Ұлытау облысында «Найза-Антитеррор-2025» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Терроризмге қарсы орталығының штабы Ұлытау облысы аумағында «Найза-Антитеррор-2025» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуының 1-кезеңі шеңберінде алғашқы рет Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ұлытау облыстық жедел штабының дайындығына тексеру жүргізілді.

Шынай өмірге барынша жақындатылған жағдайда аумақтық мемлекеттік органдардың көлік объектілерінде және адамдар жаппай жиналатын орындарда қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды анықтаған кездегі террористік қауіп-қатерлердің жолын кесу бағытындағы іс-қимылдары пысықталды.

Терроризмге қарсы операцияны жүргізу үшін Жезқазған қаласына ҚР ҰҚК «А» қызметі, ҚР ІІМ «Сұңқар» және ҚР ҰҰ «Бүркіт» АМБ құрамында жиынтық-тактикалық тобының 3-ші эшелоны жеткізілді.

Терроризмге қарсы оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша басып алынған ғимаратта кепілге алынған адамдарды босату және террористерді залалсыздандыру бойынша арнайы операция жүргізу тәжірибелері ұшталды.

 

ҰҚК Ұлытау облысы бойынша департаменті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1007545?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді