Заң мен тәртіп: Жемқорлық үшін жазаның бұлтартпаушылығы туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету және облыстық полиция департаментімен бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде Тайынша ауданы Полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

Тәртіп сақшылары еліміздің іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, оның ішінде жемқорлық үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз етуге, жемқорлыққа төзбеушілікті және парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған негізгі шаралар туралы хабардар етілді.

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған мемлекеттік деңгейде бекітілген тұжырымдама белсенді талқыланды.

Құжатта сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі тәжірибелерге теріс көзқарасты қалыптастыруға, ішкі істер органдарының қызметін жетілдіруге, азаматтық қоғамның құқықтық тәртіпті сақтауға белсенді қатысуына және т.б. ерекше назар аударылған.

Семинар соңында қатысушылардың назарына жемқорлыққа қарсы роликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-sko/press/news/details/1005070?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді