Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ
Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған «Отбасында өмір сүру бақыты» атты тағылымды кездесу кеші өтті.
Кештің басты мақсаты — отбасылық байланыстарды нығайту, өскелең ұрпаққа отбасы тәрбиесінің маңызын түсіндіру. Кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту.
Іс-шараны ардагер журналист Роза Нарымбетова, ардагер ұстаз Несіпкүл Өтебаева ашып берді. Олар шараның мән-маңызына тоқталып, отбасы – қоғамның іргетасы екенін атап өтті. Қатысушыларға ізгі тілектерін білдіріп, кештің тағылымды өтуіне сәттілік тіледі.
Шараға кітапхананың белсенді оқырмандары мен олардың ата-аналары Қонаевтар отбасы қатысты. Кеш барысында үлгілі отбасы мүшелері өзара сыйластық, тәрбиенің маңызы, отбасыдағы жылылық пен бірлік жайлы ойларымен бөлісті. Балалар мен ата-аналар үшін қызықты сұрақ-жауаптар мен отбасы, ата-ана, бауыр тақырыптарында әсем әндер шырқалды.
Іс-шара жылы әрі әсерлі атмосферада өтті. Кешке жиналған көпшілік қауым жағымды эмоция мен шынайы қуанышқа бөленіп, ұмытылмас әсер алды. Отбасында кітап оқу дәстүрге айналған жағдайда, бала кітапты таным мен тәрбие көзі ретінде қабылдайды. Мұндай оқырман отбасы – болашақтың интеллектуал тұлғасын тәрбиелеудің негізі.
Қонаевтар отбасы — шын мәнінде үздік оқырман отбасы атына лайықты бірден бір отбасы. Бүгінгі кеш сол ықыласты, ізгі жүректі, кітапқұмар жанұяға деген құрметіміздің бір көрінісі.
Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша 20 балалар кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсетеді. Жалпы балаларға қызмет көрсететін кітапханалардың кітап қоры – 723 000 дананы құрайды. Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы – кітаппен және ақпаратпен қамтамасыз ететін аудандық балалар кітапханаларының әдістемелік орталығы.
Облыстық балалар кітапханасының бастамасымен көптеген жобалар жүзеге асуда. Атап айтсақ: «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында таңдалған қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген іс-шаралар, «Түркістанның таңдаулы туындысы» акциясы, мерейтой иелері мен ұлттық және кәсіби т.б. мерекелерге орай іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде. Сонымен қатар, «Әлемді кітап арқылы танмимын» облыстық байқауы, «2025 жыл –Балалар кітапханасы жылы» жобасы, кітапханалық «Әжемнің өсиеті», «Бала терапиясы», «Кітаппен өткен күн қызық» оқырман клубы, «Саяхатшы қуыршақтар», «Демалысым кітапханада» т.б. түрлі жобалар бойынша оқырманға қызмет көрсетеді.
_________
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ДЕТСКОЙ БИБЛИОТЕКЕ ПРОШЛО МЕРОПРИЯТИЕ, ПОСВЯЩЕННОЕ СЕМЕЙНЫМ ЦЕННОСТЯМ
В Туркестанской областной детской библиотеке им. Ы.Алтынсарина прошел познавательный вечер-встреча “Отбасында өмір сүру бақыты”, посвященный пропаганде семейных ценностей.
Главная цель вечера – укрепление семейных связей, разъяснение подрастающему поколению важности семейного воспитания. Укрепление связей между библиотекой и читателем.
Мероприятие открыли ветеран-журналист Роза Нарымбетова, ветеран-педагог Несипкуль Утебаева. Они акцентировали внимание на сути мероприятия и отметили, что семья – это фундамент общества. Участники выразили наилучшие пожелания и пожелали удачи в проведении вечера.
В мероприятии приняли участие активные читатели библиотеки и их родители, семья Конаевых. В ходе вечера образцовые члены семьи поделились своими мыслями о взаимном уважении, значении воспитания, тепле и единстве в семье. Для детей и родителей прозвучали интересные вопросы и ответы и красочные песни на темы семьи, родителей, братьев и сестер.
Мероприятие прошло в теплой и трогательной атмосфере. Толпа, собравшаяся на вечере, была наполнена позитивными эмоциями и искренней радостью и получила незабываемые впечатления. В тех случаях, когда чтение в семье становится традицией, ребенок воспринимает книгу как источник познания и воспитания. Такая читательская семья – основа воспитания интеллигентной личности будущего.
Семья Кунаевых – это семья, которая действительно достойна звания лучшей читательской семьи. Сегодняшний вечер – одно из проявлений нашего уважения к этой любящей, доброй, любящей книги семье.
Отметим, что 20 детских библиотек Туркестанской области обслуживают читателей. Книжный фонд библиотек, обслуживающих детей, составляет 723 000 экземпляров. Детская библиотека им. Ы.Алтынсарина – методический центр районных детских библиотек с книжным и информационным обеспечением.
По инициативе областной детской библиотеки реализуется множество проектов. В рамках республиканской акции “Одна страна-одна книга” организуются и проводятся мероприятия по пропаганде произведений избранных писателей, акции “Избранное произведение Туркестана”, мероприятия, посвященные юбилеям, национальным и профессиональным праздникам. Кроме того, через областной конкурс “Познай мир через книгу”, проект “2025 год – год детской библиотеки”, клуб читателей “Бабушкин завет”, “Детская терапия”, “День с книгой – веселей”, “Куклы-путешественницы”, “На каникулах в библиотеке ” и др. оказывает услуги книгоманам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1002474?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді