Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН: РЕКОРДСМЕН ОҚУШЫНЫ АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
✔️Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары 140 ұпай жинап, рекорд орнатқан Жәнібек Әбілханды қабылдады. Кездесуге Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының директоры Сәуле Исанова мен сынып жетекшісі Гүлзира Бортаева қатысты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің атынан жас түлекті арнайы құттықтап, сый-сыяпат жасады. Марапат пен оқуға қажет ноутбук құрылғысын табыстады. Ұстаздарына құрмет көрсетті.
📌— Апта өңір үшін өте қуанышты жаңалықпен басталды. Оның басты себепкері әрі кейіпкері – Жәнібек өзіңіз. Республика көлемінде Түркістан өңірі мен ауылыңыздың абыройын көтеріп, рекорд жасадыңыз. Отандастарымызға үлгі болдыңыз. Шын жүректен құттықтаймыз! Зияткер оқушымызды білім нәрімен сусындатып, тәрбие берген ұстаздарға алғысымыз мол. Бұл бір күндік жұмыс емес. Жылдарға ұласқан еңбектің нәтижесі. Жәнібек секілді елді білімімен мойындататын шәкірттеріңіз көбейсін. Кәсібиліктеріңізді оқушылар арқылы дәлелдейсіздер. Жәнібек соның жарқын көрінісі. Білім ұясымен таныспыз. Мектептің маңдай алды түлегі ең мықты университетке оқуға түсуіне тілектеспіз. Таңдаған салаңыздың шыңына шығып, мемлекетімізде сұранысқа ие мамандардың бірегейіне айналыңыз. Ата-анаңыз, ұстаздарыңыз бен облыстың үмітін әрдайым ақтайды деп сенеміз. Биік белестерді бағындырыңыз! , – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
✔️Жәнібек Асқарұлының мамандығы белгілі. Таңдауы информатика пәніне түскен. Көпбалалы отбасында тұрады. Мұғалімдері бала кезден ақылды, зерек, ізденімпаз, салмақты және табанды екенін айтуда.
✔️Рекордсмен оқушы білім алған мектеп Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында орналасқан. 1500-ден астам бала тәлім алып жатыр. Оқу жылында 100-ден астам оқушы мектеп бітіреді. Ғимараты 1986 жылы салынған. Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы реновация тізіміне енгізілгенін мәлімдеді. Биыл нысанға күрделі жөндеу жүргізіледі. Балалар жаңа оқу жылында жаңғыртылған мектепке барады.
✔️Айта кетейік, Түркістан өңірінде қазіргі таңда 1093 мектепте 553 мыңнан астам оқушы бар. Биылғы оқу жылында 33 мыңнан астамы 11-сыныпты бітіреді. Оның ішінде 27 мыңнан аса түлек ҰБТ тапсырады. Облыста 5 тестілеу пункті жұмыс істеп тұр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_____________
ТУРКЕСТАН: РЕКОРДСМЕНА-ОТЛИЧНИКА ПОЗДРАВИЛИ ОФИЦИАЛЬНО
✔️Заместитель акима Туркестанской области Бейсенбай Тажибаев встретился с Жанибеком Абилханом, набравшим рекордные 140 баллов на ЕНТ. На встрече также присутствовали директор школы-гимназии имени Шокана Уалиханова Сауле Исанова и классный руководитель Гульзира Бортаева. От имени акима области Нуралхана Кушерова выпускника специально поздравили и вручили ценный подарок — ноутбук, необходимый для учёбы. Также выразили благодарность педагогам.
📌— Неделя для региона началась с радостной новости. И её главный герой — вы, Жанибек. Вы прославили Туркестанскую область и родное село на уровне всей республики, установив рекорд. Стали примером для всей страны. От всей души поздравляем! Большое спасибо вашим учителям, которые дали вам знания и воспитание. Это результат многолетнего труда. Желаем, чтобы учеников, прославляющих нашу страну знаниями, становилось больше. Вы подтверждаете профессионализм своих наставников. Жанибек — яркий тому пример. Мы знакомы с вашей школой. Желаем, чтобы её лучший выпускник поступил в ведущий вуз. Пусть вы достигнете вершин в выбранной профессии и станете востребованным специалистом в нашей стране. Верим, что вы оправдаете ожидания родителей, учителей и всей области. Покоряйте новые вершины! — сказал Бейсенбай Даулетович.
✔️Жанибек уже определился с профессией — он выбрал информатику. Он родом из многодетной семьи. Учителя характеризуют его как умного, сообразительного, любознательного, уравновешенного и настойчивого ученика с самого детства.
✔️Школа, в которой учился рекордсмен, расположена в селе Темирлан Ордабасинского района Туркестанской области. Здесь обучаются более 1500 учеников, ежегодно её оканчивают более 100 выпускников. Здание школы было построено в 1986 году. Заместитель акима области Б. Тажибаев сообщил, что школа-гимназия имени Шокана Уалиханова включена в список объектов, подлежащих реновации. В этом году здесь будет проведён капитальный ремонт, и в новом учебном году дети начнут учёбу в обновлённом здании.
✔️Отметим, что в Туркестанской области сегодня работают 1093 школы, в которых обучаются более 553 тысяч учеников. В этом учебном году более 33 тысяч учеников заканчивают 11 класс, из них свыше 27 тысяч сдают ЕНТ. В регионе функционируют 5 пунктов тестирования.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1002466?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді