Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ» ФОТОБАЙҚАУЫ ӨТТІ
✔️Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Түркістан – бірліктің бастауы» фотобайқауы өтті.
✔️Фотобайқау Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері қатысты.
✔️Татулықты ту еткен фотобайқауға Түркістан облысымен қатар Алматы қаласынан 20-ға жуық фотограф қатысып, өздерінің жұмысын ұсынды. Түсірген суреттерін байқауға онлайн арқылы жолдағандар да болды.
✔️Шығармашылық байқау барысында қатысушылар объектив арқылы достықты, көпэтносты Қазақстанның бейбіт өмірін, мәдениеттер үндестігін көрсетті.
✔️Салтанатты шараның ашылуында сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов қатысушыларға алғысын айтып, шараның маңыздылығына тоқталды.
✔️Байқау қорытындысында қазылар алқасының шешімімен 1-орынға Самат Мырзалиев лайық деп танылды. Ал 2-орынды Мақсат Шағырбай, 3-орынды Нуриддин Искаков иеленді.
✔️Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ байқауға белсене атсалысқан қатысушыларды арнайы құттықтап, Дипломдармен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
✔️Бірлікке үндеген іс-шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1005846?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді