ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА: ДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АЛТЫНДЫ СЫЙЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны алтын медальмен толықты.

10 000 метр қашықтыққа жүгіруде алдына жан салмаған отандасымыз Дейзи Джепкемей финалда 30:48.44 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып келіп, жеңіс туын желбіретті.

Күміс жүлде жапон спортшылары Ририка Хиронакаға (30:58.32) бұйырса, қоланы Микуни Яда (31:12.21) иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде қазіргі таңда екі жүлде бар. Бұған дейін 20 км спорттық жүрістен Ясмина Тоқсанбаева қола медаль жеңіп алған.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1007443?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді