📌 “Абай жолымен – білім биігіне” салтанатты жиыны

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орал қаласындағы Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Абай жолымен – білім биігіне” атты салтанатты жиын өтті. Шараға Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин арнайы қатысып, озат оқушылар мен олардың ұстаздарын марапаттады.

🎓 Халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жоғары нәтиже көрсеткен Зияткерлік мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына облыстық білім басқармасының Алғыс хаты, ал ұстаздарға «Құрмет грамотасы» табысталды.

🔹 Бұл марапаттар – білім мен тәрбиедегі үздік жетістіктердің, ұстаз бен ата-ананың еңбегінің лайықты бағалануы.

📷 Шарадан естелік сәттермен бөлісеміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1008178?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді