
Ауданымызда бұл шара Үштөбе қаласы, Жетісу облысы бойынша филиалының Қаратал ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының 1-қабатында ұйымдастырылды. Акцияға қаланың кәсіби заңгерлері мен адвокаттары, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Акция аясында заңгерлер, адвокаттар мен сарапшылар халыққа тегін түрде заң көмегін көрсетті, сонымен қатар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері 24 азаматтарды қабылдады. Кез-келген азамат қажетті заңгер кеңесін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдерінен өзін толғандыратын мәселелер бойынша түсіндірме кеңес ала алды.
Жобаның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң нормаларын дұрыс түсіну және жалпы олардың біркелкі қолданылуы үшін құқық қолдануды түсіндіру. Ол үшін жүгінген кез келген өтініш беруші, заңгер-сарапшылар толыққанды құқықтық көмек көрсетеді. Бұл акцияның негізгі миссиясы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1008621?lang=kk

Жауап қалдыру