Ақмола облысы ТЖД балалар суреті байқауының қорытындысы шығарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ” Республикалық акциясы аясында және балаларды қорғау күніне орай құтқарушылар сурет байқауын жариялады.

          Байқауға қатысушылар-екі жас тобының оқушылары. Тақырып-өрт қауіпсіздігі. Барлық жіберілген жұмыстар Ақмола облысы ТЖД instagram ресми аккаунтында жарияланды. Суреттерді әлеуметтік желі қолданушылары суреттің астына лайк басу арқылы бағалады. Дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Олар салтанатты түрде марапатталды.

          Марапаттарды тапсыра отырып, Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Ренат Валишанов әлеуметтік желі қолданушылары өте белсенді қатысқанын және барлық жұмыстардың назар аударарлық екенін атап өтті.

          1-4 сынып оқушылары арасында орындар келесідей бөлінді

1 орын-№3 Ерейментау орта мектебінің оқушысы Руханият Боташ.

2 орын-Есіл ауданы Заречное ауылынан Әмир Гарипов

3 орын-Біржан сал ауданы Бұланды ауылынан Айсұлтан Рамазан.

5-11 сыныптар қатысушылар арасында Астрахан ауданы Акимовка ауылынан Ксения Маер үздік атанды, оның суреті үшін ең көп дауыс берілді. Оның артында Шортанды ауданы, Шортанды ауылының оқушысы Мирослава Ивашкина тұр,Степногорск қаласынан Кристина Невструева үшінші орынға ие болды.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды – смартфондар, смарт сағаттар және сымсыз құлаққаптар.

Ақмола облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1008626?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді