
«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік алғаш рет облигацияларын шығару аясында Астана халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығынан екінші тараптың ресми бағасын алды. Қазақстанда орнықты қаржыландыруға басымдық беріп келе жатқан ұйым ретінде «Ақтөбе» ӘКК ЖҚО тарапынан сертификатпен марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсімі 29 мамырда Астанада өтті.
ЖҚО — Climate Bonds Initiative (CBI) және Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығы (ICMA) тарапынан аккредиттелген тәуелсіз верификатор болып табылады. Орталық әлеуметтік облигациялардың сипаттамалары бойынша екінші тараптың пікірін ұсынып, «Ақтөбе» ӘКК-нің облигацияларына халықаралық әлеуметтік қаржыландыру стандарттарына толық сәйкес келетін «өте жоғары» рейтинг берді.
Бұл шығарылым Қазақстандағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация тарапынан орналастырылатын алғашқы әлеуметтік және ESG тақырыбындағы облигациялар болмақ. Аталған қадам «Ақтөбе» ӘКК-нің орнықты даму мен ESG қағидаттарын қызметіне енгізу жолындағы нақты ұстанымын және әлеуметтік маңызы бар жобаларға қаржы тарту үшін нарықтық құралдарды пайдалануға деген ниетін айғақтайды.
Әлеуметтік облигациялардан түскен қаражат Ақтөбе облысында жұмыс орындарын құру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобаларын іске асыруға бағытталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1008312?lang=kk

Жауап қалдыру