Балалардың ұтымды тамақтануы – денсаулық пен табысты оқудың негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сауатты және теңгерімді тамақтану баланың иммунитетінің қалыптасуында, дене және ақыл-ойының дамуына шешуші рөл атқарады. Сондықтан мектептер мен балабақшаларда тамақтануды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлініп, санитариялық нормалардың қатаң сақталуы мен заманауи тәсілдердің қолданылуы қажет.
Мектептегі тамақтану сапасын арттыру мақсатында Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде «Білім беру ұйымдарында жаңа Тамақтану стандартының енгізілуі» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға аумақтық білім бөлімдерінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының өкілдері, сондай-ақ мектептердің медицина қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыру тәсілдерін жаңғыртуға қатысты өзекті мәселелер, жаңа санитариялық талаптар ескеріле отырып талқыланды.
Семинарда Департамент бөлімінің басшысы Жанар Калиева баяндама жасады. Өзінің презентациясында ол жаңа Тамақтану стандартының негізгі қағидаларына, мектеп оқушыларына арналған ас мәзірін ұйымдастыру ерекшеліктеріне, сондай-ақ білім беру ұйымдарында міндетті түрде сақталуы тиіс санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға егжей-тегжейлі тоқталды.
Ерекше назар өнімдердің сапасына және олардың сақтау жағдайларына бақылау жүргізуге, тағам дайындау технологиясының сақталуына және қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз етуде жауапты тұлғалардың рөліне аударылды.
Тамақтануды ұйымдастыру мен бақылауға қажетті құжаттарды жүргізу мәселелері қаралды: технологиялық карталар, дайын өнімнің бракераж журналы, ауысымдылық кестелері мен температуралық режимді есепке алу журналы. Қатысушыларға күнделікті ас мәзірін құрастыру алгоритмі, өнімдер мен тағамдарды алмастырудың рұқсат етілген нормалары, сондай-ақ тағам рационының қоректік және энергетикалық құндылығын есептеу әдістері ұсынылды.
Ерекше назар тағам өнімдерінің қауіпсіздігін басқаруға бағытталған халықаралық стандарт — НАССР жүйесін енгізуге аударылды. Бұл жүйені мектеп асханаларында қолдану шикізатты сатып алудан бастап дайын тағамдарды балаларға ұсынуға дейінгі барлық кезеңде тұрақты бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ведомство басшысының орынбасары Канат Искаковтың айтуынша, жаңа Стандартты және заманауи бақылау жүйелерін енгізу өсіп келе жатқан ұрпақ үшін қауіпсіз әрі салауатты орта қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1007955?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді