
Самсы ауылдық округіне қарасты Самсы ауылындағы үлкен стадионда – футболдан турнир өтті. Бұл турнир 1988 жылғы мектеп түлектерінің бастамасымен, мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Шараға барлығы 18 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Турнир барысында қатысушылар тартысты әрі тартымды ойын өрнегін көрсетті. Әр команда тек жеңіс үшін емес, достық пен ынтымақтастықты арттыру мақсатында ойнады. Бұл турнир ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен мерекеге айналды. Қатысушылар мен жанкүйерлер арасында ерекше көңіл-күй орнап, шара сәтті өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-samsy/press/news/details/1008523?lang=kk
Жауап қалдыру