
2025 жылы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Германия Бундесратының Президенті, Саар федералды жерінің Премьер-министрі Анке Релингернің Қазақстанға сапары аясында қабылдауға қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Германия арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Соңында дипломат Қазақстан мен Германия арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1008057?lang=kk
Жауап қалдыру