«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
30 мамыр күні Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде «Халық заңгері» атты жалпыұлттық құқықтық акция өтеді. Аталған іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңдық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Акция барысында білікті заңгерлер, адвокаттар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері тұрғындардың барлық құқықтық сұрақтарына жауап беріп, заң аясында тегін кеңес беретін болады.
Түркістан қаласында акция Б.Батырбеков көшесі, 13-үйде орналасқан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өтеді.
Іс-шара 30 мамыр күні, сағат 11:00-де басталады.
Азаматтарды белсенді қатысуға және өз құқықтарын қорғауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша кәсіби көмек алуға шақырамыз.
Акция Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен өткізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1007641?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді