
КЕЛЕС: ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ ЕСКЕРІЛІП, ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ ЖАБЫЛДЫ
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында, Келес ауданында тұрғындар көтерген өзекті мәселелер дер кезінде назарға алынып, шешімін табуда.
Таяуда Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Қошқарата ауылдық округінің халқымен кездескен болатын. Кездесу барысында аудан басшысы атқарылған жұмыстар жайында есеп беріп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Аталған кездесуде Бесқұбыр елді мекенінің солтүстігінде орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына қатысты мәселе көтерілді. Ауыл тұрғындары бұл полигонның қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп отырғанын айтып, оны жабу жөнінде өтініш білдірді.
Көп уақыт өтпей, тұрғындар көтерген мәселе бойынша нақты жұмыстар қолға алынды. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, полигонға баратын жолдарға шектеулер қойылып, оны жабу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда полигонның жұмыс істеуі толықтай тоқтатылды.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1008644?lang=kk

Жауап қалдыру