
Көкшетау полицейлері 270 миллион теңге сомасына қаражат ұрлау туралы қылмыстық істі тергеп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыс газ сатумен айналысатын ірі ЖШС бірінде жасалған.
Ағымдағы жылдың 28 мамырында Көкшетау қаласының полиция басқармасына компания заңгерінен өтініш келіп түсті. Ол 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында ЖШС-де қомақты ақшаның жоғалғаны анықталғанын хабарлады.
Тергеушілер анықтағандай, қатысы бар адам қысқа мерзімде үлкен ақша сомасын алаяқтық жолмен иемдене алды. Тергеу аясында тәртіп сақшылары компанияның 34 жастағы директорына қатысты тексеруді бастады. Оның ықтимал қатысуы мен себептері мұқият зерттелді.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер бұл жағдай компанияларда, әсіресе ірі қаржылық айналымдармен байланысты салаларда кадрларды қатаң іріктеу және тексеру қажеттігін атап көрсетеді.
Тергеу жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1008568?lang=kk

Жауап қалдыру