Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2025 жылғы 29 мамыр – Астанада өтіп жатқан Халықаралық форум аясында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов пен Ресей Федерациясы Энергетика министрінің орынбасары Петр Конюшенконың екіжақты кездесуі өтті.

Тараптар Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы энергетика саласындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейде екенін растап, оны одан әрі тереңдетуге дайын екендерін білдірді.

Кездесу барысында электр энергетикасы, мұнай-газ кешені, мұнай химиясы, сондай-ақ перспективалы инфрақұрылымдық және технологиялық жобалар бойынша ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Ерекше назар бірлескен өндірістік қуаттарды дамытуға, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, цифрландыруға және өңірлік энергетикалық жүйелердің тұрақтылығын арттыруға аударылды.

Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергия ресурстарын тұрақты жеткізу және өзара тиімді ұзақмерзімді жобаларды іске асыру бойынша үйлестірілген іс-қимылдардың маңыздылығы атап өтілді.

Келіссөздер қорытындысында екі елдің салалық ведомстволары мен компаниялары арасындағы практикалық өзара іс-қимылды жалғастыру және тұрақты диалогты қолдау жөнінде өзара түсіністікке қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1008008?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді