ҚҰРБАН АЙТ КЕЛМЕЙ ТҰРЫП БІЛІП АЛЫҢЫЗ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүкіл мұсылманның ең басты ұлық мейрамы Құрбан Айт мерекесі жақындауда. Құрбан айтта мұсылман жұрты құрбандыққа мал шалып, көпшілікке ас беріп, атап өтуге тырысатыны анық. Мал сау әрі кемшіліксіз болуы тиіс. Құрбандық еті үшке бөлінеді: бір бөлігі өзіне, екіншісі туыстарына, ал үшіншісі мұқтаж жандарға таратылады. Бұл – қоғамдағы теңдік пен ынтымақты күшейтудің көрінісі. Үй жағдайында құрбандық шалу барысында өзіңіздің және айналадағы адамдарыңыздың денінің саулығы, ықтимал тамақтан уланудың алдын-алу мақсатында, құрбандық шалу барысында санитариялық талаптарды сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар келесі сақтық шараларын орындауды ұсынамыз:
• Құрбандық шалуды арнайы белгіленген мал сою орындарында жүзеге асыру;
• «Құрбан айт» мерекесін тойлау кезінде санитариялық талаптарды сақтау (тағам дайындау технологиясын сақтау, өнімнің қауіпсіздік құжаттарының болуы, сапасы, сақталуы мерзімі мен тасымалдануы);
• Құрбандыққа шалынатын малдың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігіне яғни, ветеринарлық құжаттарының болуына назар аудару;
• Пайдалануға жарамсыз немесе қауіпті ет және ет өнімдерін тұтынбау;
• Терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген терісі сыдырылған, сондай-ақ инфекциялық аурулармен ауыратын және инфекциялық ауруларға күдікті адамдарды мал союға қатыстырмау;
• Қоғамдық тамақтану орындары мен мешіттерде, халықтың көп шоғырланатын орындарда санитариялық талаптарды сақтау, желдету мен ауа баптауға, мал сою кезінде жиналған қалдық-қоқыстар уақытылы шығарылып, қақпағы бар беті жабық контейнерлер орнату;
•Үздіксіз су қорымен қамтамасыз ету және сою орындарының іргелес аумағының санитарлық тазалығына назар аудару;
• Шикі және дайын тағамдардың бірге сақталуына жол бермеңіз, ал олардың сапасыздығына қандай да бір күдік пайда болса, тағамдарды қолданудан алып тастау керек

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-turkestan/press/news/details/1008431?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді