
Жергілікті тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты мақсаттарының бірі. Бұл бағытта аудандағы елді мекендерді ауыз сумен қамту бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес, кезең-кезеңімен жүргізілуде. Осы ретте, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, Достық елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарының мән-жайымен танысты.
Тапсырыс беруші ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі. Бүгінде, құрылыс-монтаж жұмыстары 85 пайызға орындалған.
Мердігер «Универсал Строй Сервис» ЖШС-і. Жоба бойынша су қоймасы (резервуар 500м3), 1-ші және 2-ші көтерілім насостық станциясы, қуаттылығы 63 кВа болатын трансформатор қондырғысы қарастырылған.
Жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі мердігер мекеме өкіліне бірқатар сын-ескертпелер келтіріп, жұмысты құрылыс нормативіне сәйкес және сапалы материалдарды пайдала отырып, жүргізуді жүктеді. Сонымен қатар, мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысыс.Қарақұловқа ұдайы бақылауда ұстауды, тапсырмалардың орындалу мерзімін жіті бақылауында болатынын ескертті.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1008394?lang=kk

Жауап қалдыру