ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
✔️Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси даму мәселелері талқыланған жиын өтті. Облыс әкімінің орынбасары қоғамдық-саяси ахуалды бақылауда ұстап, дер кезінде тиісті шараларды атқару керектігін баса айтып, этносаралық бірлікті сақтау, тұрғындармен тығыз байланыс орнату қажеттігін жеткізді.
📌– Бүгін өзекті мәселелер талқыланып отыр. Ел бірлігін сақтау, тұрақтылықты нығайту бағытындағы жұмыстар тоқтамауы тиіс. Әр басшы өзі жауапты саланы терең зерттеп, сапалы жұмыс атқарсын, – деген Ертай Кенжебекұлы осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
✔️Жиында бірқатар басқарма өкілдері қоғамдық-саяси ахуал бойынша баяндама жасап, өңірдегі өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылады. Сонымен қатар аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1007987?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді