Бас көлік прокуратурасының 2025 жылғы 2 мамырдағы тапсырмасына сәйкес Арыс көлік прокуратурасы тарапынан тексеру жүргізу туралы тағайындалған қаулысының негізінде 2025 жылдың 28 мамырында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлы Шымкент қаласында орналасқан “Интергаз Орталық Азия” АҚ-ның “Шымкент” магистральдық газ құбырлары басқармасы” филиалының қызметінде құбыржол көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сатып алуды жүзеге асыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған заңнаманы сақтау мәселелері бойынша тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадулаұлы ҚР Еңбек кодексі талаптарының заңнамасына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына қатысты еңбек ұжымында орын алатын жазатайым жағдайлардың алдын-алу, болдырмау мәселелеріне заңнама тұрғысынан түсіндірме берілді.
Жауап қалдыру