Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжанның бүгінгі жұмыс сапары Сарыағаш ауданында орналасқан «Алекс» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесу өткізумен жалғасын тапты.
МЕИ Ғалымжан Сейдуәліұлы «Алекс» ЖШС-нің жұмысшыларына аталмыш кездесу Департаментпен бекітілген Президенттің Жарлығын іске асыру мақсатында Түркістан облысы аумағындағы кәсіпорындарда (соның ішінде жазатайым жағдайлар орын алған) еңбек заңнамаларының талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отырғандығын нақтылады.
Кездесу барысында, МЕИ Серіктестік ұжымына қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және зиянды өндірісте жұмыс істейтін жұмысшыларды қорғау деңгейін арттыру бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарының басым бағыттарын тарқата отырып, өңірдегі кәсіпорындардағы жыл сайын орын алатын өндірістегі жазатайым оқиғаның және жұмысқа байланысты кәсіби аурулардың салдарынан көз жұмған жұмыскерлердің пайыздық көрсеткіштерін тарқата отырып, соңғы жылдары өндірістік жарақаттану деңгейінің және кәсіби еңбек ету қабілетінен айырылған жұмыскерлер санының төмендеу серпіні бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруда белсенді жұмыстар жүргізілуі үшін өңірлердегі кәсіпорындарда консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызды екендігін шегелеп өтіп, ұжым тарапынан еңбек заңдылықтарына қатысты туындаған сұрақтарға заңға сәйкес жауап берді.
Жауап қалдыру