Бүгін Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы «Сарыағаш облыстық балалар шипажайы» МКК-ның ұжымымен кездесіп, еңбек ұжымында жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына қатысты заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Департаментпен бекітілген «ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Түркістан облысы аумағындағы кәсіпорындарда (соның ішінде жазатайым жағдайлар орын алған) еңбек заңнамаларының талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс жоспарына» сәйкес ұйымдастырылып отырған бұл кездесу барысында МЕИ Ғалымжан Сейдуәліұлы балалар шипажайы ұжымына Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарын негізге ала отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және зиянды өндірісте жұмыс істейтін жұмысшыларды қорғау деңгейін арттыру бойынша атқарылатын іс-шаралар мен орын алған заңбұзушылықтарда қолданылатын шаралар туралы баяндады.
Сондай-ақ, өңірдегі кәсіпорындарда жыл сайын орын алатын өндірістегі жазатайым оқиғаның және жұмысқа байланысты кәсіби аурулардың салдарынан көз жұмған жұмыскерлердің пайыздық көрсеткіштеріне, қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі міндетті әлеуметтік сақтандыруға қатысты әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруда белсенді жұмыстар жүргізілуі үшін өңірлердегі кәсіпорындарда консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін атап өтті.
Кездесу соңында МЕИ ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға кеңінен жауап берді.
Жауап қалдыру