1 маусым – Балаларды қорғау күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда
1 маусым күні Родина ауылының МҮ алаңында Балаларды қорғау күніне арналған көңілді және жарқын іс-шара өтті. Родина а., Садовое а. және Зеленый Гай а. мәдениет үйі қызметкерлері балаларға жұмбақтар мен шытырман оқиғаларға толы нағыз қарақшылық қойылымын көрсетті!

 
Жас қатысушылар квесттерге қатысып, көңілді ойындарда бақ сынасты. Әсіресе су тапаншаларымен атысу балаларға көп қуаныш әкелді!
 
Мереке соңында барлық балалар “АФ Родина” ЖШС-нен тәтті сыйлықтар алды. Біздің тұрақты әрі жомарт демеушімізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd-rodina/press/news/details/1009894?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді