
Шанханай ауылдық округі И.Базарбаев атындағы мәдениет үйінің алаңында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Бала тілі бал! атты тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында балалармен әр түрлі ойын түрлері ойнатып және де оқушылардың өздері дайындап келген ән билерімен жалғасты. Шара соңында ауылымыздың кәсіпкерлері Неғмажанова Сәуле Неғмажанқызы, Дауренбекова Ғалия Сталханқызы, Баймұрзаева Анар Қырғызбайқызы және Байторинова Нұргүл Сағидолдақызы бүлдіршіндерге балмұздақ және тәттілер таратып демеушілік көрсетті.
Шараның мақсаты: Бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, балалар күні мерекесін сезіндіру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-shanhanai/press/news/details/1009387?lang=kk

Жауап қалдыру