
2025 жылдың 30 мамырында аудан әкімшілігінің кіші залында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссиясының 2-ші отырысы өтті.
Күн тәртібінде үш мәселе қарастырылды:
- Ескелді ауданы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті аудан аумағындағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 17-бабы 1) тармақшасына сәйкес, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру туралы;
- Ескелді ауданының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асырудың нақты әсерін, тиімділігін анықтау, сараптама жүргізу, орындау және бағалауға жұмыс берушілер мен кәсіподақ өкілдерінің қатысуына жәрдемдесу туралы;
- Аудан әкімдігінің күштерімен мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың әлеуметтік қолдауын күшейту және олардың қоғамға кіруі үшін жағдай жасау бойынша шараларды іске асыруға жәрдемдесу туралы;

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy/press/news/details/1009026?lang=kk

Жауап қалдыру