
Саяси құғын-сүргін құрбандарын және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Әулиекөл орталық аудандық кітапханасы ұйымдастырған 2025 жылғы 30 мамырда Жастар ресурстық орталығында Әулиекөл ауданының жұртшылығымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқиғаның қайғылы беттерін еске түсірілді, миллиондаған адамдарға құрмет көрсетілді, жазықсыз жаппай қуғын-сүргін жылдарында зардап шеккен адамдарға тағзым етілді.
Кездесуге қатысқандар арасында Әулиекөл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрмухамедов К.Н., «Аманат» партиясының төрайымы Кажиева А.А., тарих пәні мұғалімдері Есмагамбетов А., Касымов Е., орталық аудандық кітапханасының ұжымы, ауданның белсенді жастары, Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің маманы Аралбаева А.Қ. болды.
Аралбаева А.К. сөз сөйлеп, саяси құғын-сүргін зардабын шеккен ҰОС-ның ардагерлері жеке тектік құжаттары қорындағы Нұғманов Ағаділдің «халық жауы» болып сотталған естеліктерімен таныстырды.
Кездесудің мақсаты – шындықты сақтау және оны болашақ ұрпаққа жеткізу, тарихи жадты сақтау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/1009670?lang=kk

Жауап қалдыру