Air Astana әуе компаниясы Атырау-Баку және Алматы-Франкфурт бағыттары бойынша жаңа тікелей әуе рейстерін орындай бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көлік министрлігі жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.

2025 жылғы 31 мамырдан бастап Air Astana әуе компаниясы Атырау-Баку бағыты бойынша A320 және A321 ұшақтарымен тікелей рейстерді орындай бастады. Рейстер аптасына үш рет дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері орындалады.

Сонымен қатар Air Astana әуе компаниясы 2025 жылғы 1 маусымнан бастап Алматыдан Майндағы Франкфурт қаласына тікелей рейстерді жүзеге асыруда. Рейстер сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері A321LR ұшағымен орындалады.

Әзербайжан және Германия елдеріне әуе қатынасының ашылуы бұл мемлекеттермен сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына ықпал етпек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1009615?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді