
30 мамыр күні Ақтауда «Амфитеатр» алаңында «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында ҚР эстрада әншілерінің қатысуымен концерт өтті.
Мерекелік кеште Ғаділбек Жаңай, Ғалымжан Жолдасбай, Самал Ермаханов, Назира Қуанышқызы сынды әншілер өнер көрсетті. Кештің басты хедлайнері «Музарт» тобы ақтаулықтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
-Қарт Каспий жағалауында, керемет ғажап қала Ақтауға келіп ашық аспанда концерт беріп жатырмыз, Түркі халқының мәдени астанасы атанған Ақтауға біз жиі-жиі ән салып тұруға дайынбыз. Бұл рухани, мәдени өсуімізге ықпалы зор деп ойлаймын. Ақтау халқына мың алғыс айтамын, – деді «МузАРТ» тобының әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев.
Каспий теңізінің жағалауында өткен ауқымды іс-шараны 30 мыңға жуық көрермен тамашалады. Жиналған көпшілік мерекелік көңіл күйді сезінді.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1009571?lang=kk
Жауап қалдыру