
15-16 мамыр күндері Қызылорда қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған “Плиткамен қаптау” құзыреттілігі бойынша өткен республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Әбдулямитов Ғанибек Ғалымбекұлы жүлделі үшінші орынды иеленді.
Аталған чемпионатқа еліміздің 8 облысынан келген білікті педагогтер қатысып, өздерінің білім-білігі мен тәжірибесін ортаға салды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1009973?lang=kk

Жауап қалдыру