Астанада М.Жұмабаев даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М.Жұмабаев даңғылының Р.Қошқарбаев даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі аралығында жол жабынының жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл ретте М. Жұмабаев даңғылы мен Балқантау көшесінің қиылысы да жабылатын болады.

Осыған байланысты, 4-7 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Көлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1010020?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді